Қашан оларға ашық аяттарымыз оқылса, кәпірлердің жүздерінен қарсылық сезесің. Сондай-ақ оларға аяттарымызды оқығандарды бассала жаздайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Енді сендерге бұдан да жаманның хабарын берейін бе? Ол, от! Алла оны, қарсы болғандарға уәде еткен нендей жаман орын!",- де.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Ал, Оларға анық аяттарымыз оқылған кезде, күпірлік етушілердің / оны мойындамаушылардың / жүзінен теріске шығаруды байқайсың. Олар өздеріне аяттарымызды оқығандарға қарсы күш көрсетуге дайын. Айт: «Сендерге бұдан жаман нәрсені хабарлайын ба? Ол - От. Аллаһ оны күпірлік етушілерге / имансыздарға / уәде етті. Ол - баратын жердің өте жаманы»,- деп.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي