Расында сенен бұрыңғы пайғамбарлар да жасынға шығарылған еді. Сонда олар жалғаншы саналғандықтарына және көрген жапаларына жәрдеміміз келгенге дейін сабыр еткен болатын. Алланың сөздерін өзгертуші жоқ. Расында саған пайғамбарлардың қиссаларынан келді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Анығында, сенен бұрынғы елшілер де өтірікшіге шығарылған еді. Сонда олар өздерінің өтірікшіге шығарылғанына және көрген зәбірлеріне Біздің жәрдеміміз келгенге дейін сабыр етті. Аллаһтың сөздерін өзгертуші жоқ. Ақиқатында, жіберілген елшілер жайындағы хабарлардан кейбірі саған келді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي