Сөйтіп олар берілген үгітті ұмытқан кезде, оларға әр нәрсенің есігін ашып жібердік. Хатте берілген нәрсеге мәз- мейрам болғанға дейін. Оларды кенеттен қолға алғанымызда, сол уақытта олар, күдерлерін бір- ақ үзді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Олар өздеріне еске салынғанды ұмытқан кезде, Біз оларға әрбір нәрсенің / түрлі ризықтардың / есіктерін ашып қойдық. Сөйтіп олар өздеріне берілген нәрсеге мәз-мейрам болғандарында, Біз оларды кенеттен қолға алдық та олар не істерін білмей, күдерлерін үзді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي