(Әй Мұхаммед Ғ.С. Оларға) айт: «Жанымда Алланың қазынасы бар демеймін, көместі де білмеймін. Және сендерге періштемін де демеймін. Мен өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Көзді мен көзсіз тең бе? Ойламайсыңдар ма?»,- де.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерге: «Менің қасымда Аллаһтың қазыналары бар», - деп айтпаймын әрі мен ғайып / жасырын / нәрселерді білмеймін және сендерге өзімді періштемін деп те айтпаймын. Мен өзіме уахи етілетінге ғана еремін», - деп. «Соқыр мен көре алатын адам бірдей бола ала ма? / Ақылдарыңды істетіп / , ойланбайсыңдар ма?» - де.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي