Бұл (Құран) кенттердің анасы Меккеліктерді, маңындағы адамдарды үгіттеуің үшін біз саған түсірген өзінен бұрынғыны растаушы құтты бір Кітап. Сондай ақиретке сенгендер, бұған сенеді де, олар намаздарына сақтық істейді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Біз түсірген бұл Кітап / Құран / - берекелі, / оны / өзінен алдыңғыларды / кітаптарды / растаушы және елді мекендердің анасы / Мекке тұрғындарын / және оның айналасындағыларды ескертуің үшін / түсірдік /. Анығында, соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенетіндер, оған / Құранға / сенеді әрі олар әрқашан намаздарын сақтайды / барлық шарттарын орындайды /.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي