Алланы жасынға шығарған немесе өзіне ешбір уақи етілмесе де: «Маған уақи етілді» деген, және: «Алла түсірген сияқтыны мен де түсірем» дегеннен кім залымырақ? (Мұхаммед Ғ.С.) егер залымдарды өлім қиналысында, пеіштелер қолдарын созып: «Жандарыңды шығарыңдар! Бүгін Аллаға қарсы орынсыз сөйлегендерің, Оның аяттарына менменсігендерің себепті қорлаушы азаппен жазаланасыңдар» дегенде бір көрсең!
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырғаннан / жала жапқаннан / немесе өзіне еш нәрсе уахи етілмесе де: «Маған уахи етілді», - деп айтқаннан және: «Мен Аллаһтың түсіргені сияқтыны түсіремін», - дегеннен өткен әділетсіз біреу бар ма? Әділетсіздерді өлім жанталасында жатқанда, періштелер қолдарын созып: «Жандарыңды / рухтарыңды / шығарыңдар! Аллаһ жайында ақиқаттан өзге сөз айтқандарың әрі Оның аяттарынан өздеріңді жоғары қойғандықтарың үшін, бүгін сендерге қайтарым жаза ретінде қорлық азабы беріледі», - дегенде көрсең!
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي