Олар: “Сен өзің шын Юсыпсың ба?”, - деді. “Мен Юсып мынау туысым. Расында Алла бізге игілік қылды. Шын мәнінде кім Алладан сақсынса, сабыр етсе, күдіксіз Алла жақсылық істеушілердің еңбегін зая қылмайды” деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Олар: «Сен, шынымен Йусуфсың ба?»-деді. Ол: «Мен Йусуфпын, ал мынау інім. Аллаһ бізге игілік етті. Кім тақуалық етсе / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса / және сабыр етсе, ақиқатында, Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілердің ақысын зая кетірмейді», деді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي