Алла жолында шынайы түрде күресіңдер. Сендерді Ол таңдады. Сендерге дінде қиындық қылған емес. Аталарың Ыбырайым (Ғ.С.) ның жолы. Алла бұрын да осы Құранда да пайғамбардың сендерге куә болуы, сендердің де адамдарға куә болуларың үшін, "Мұсылман" деп атады. Енді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер де Аллаға жабысыңдар. Иелерің Сол; нендей жақсы ие. Нендей жақсы жәрдемші!
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Аллаһ жолында,Оған лайықты түрде болған ынта-жігермен күресіңдер, Ол сендерді таңдады әрі Ол сендерге дінде ешбір қиындық жасамады. Бұл - аталарың Ибраһимның діні. Елшінің сендерге куә болуы әрі сендердің адамдарға куә болуларың үшін Ол бұдан бұрын және осында сендерді Мұсылмандар / бойсұнушылар / деп атады. Намазды / барлық шарттарын сақтап, ықыласпен, беріле! толық орындаңдар, зекетті беріңдер және Аллаһтан мықтап ұстаңдар. Ол - сендердің қамқоршыларың. Ол - қандай жақсы қамқоршы әрі қандай жақсы көмек беруші.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي