Өздеріне зұлымдық еткендердің, (бұлар Меккеден көшпей қалғандар. ) періштелер жандарын алғанда: «Қайда едіңдер?»,- деді. Олар: «біздер бұл жерде шамасыз едік» деді. (Періштелер): «Алланың жері кең емес пе? Сонда ол жерге көшсеңдер еді?»,- деді. Міне бұлардың орны тозақ. Неткен жаман орын.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ақиқатында, өздеріне әділетсіздік еткендерге, олардың жандарын алатын періштелер: «Сендер қандай жағдайда болдыңдар?» - дейді. Олар: «Біз жер бетінде әлсіз едік», - дейді. / Періштелер / :«Қоныс аударуларың үшін Аллаһтың жері кең емес пе?» - дейді. Міне, солардың «баспанасы» - Жаһаннам. Ол баратын орын - қандай жаман.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي