Оларға бір аят келген сәтте: «Алланың елшілеріне берілген сияқты бізге де берілгенге дейін иман келтірмейміз» деген. Алла елшілікті қалай басқаратынын біледі. Қылмыстылар; айлакерліктері себепті Алланың қасында қорлық әрі қатты қинуға душар болады.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Қашан оларға бір белгі келсе, олар: «Бізге Аллаһтың елшілеріне берілгендей нәрсе берілмейінше, мүлдем сенбейміз»,- деді. Аллаһ елшілікті қайда қоятынын / кімге беретінін / жақсы біледі. Қылмыс жасағандар жасаған айла-шарғылары үшін жақында Аллаһтың алдында қорлыққа және қатты азапқа душар болады.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي