Оларды тұтас жинаған күні: «Әй жын тобы! Адамдардан (азғырып) көбейтіңдер» (делінелі) Олардың адамдардан болған достары: «Раббымыз! Бір-бірімізден пайдаландық. Бізге Сен берген мерзім жетіп келді» дейді. (Алла да) :«Орындарың тозақ, онда мүлде қаласыңдар. Бірақ Алла қаласа басқа» дейді. Күдіксіз Раббың хикмет иесі, толық білуші.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ол / Аллаһ / олардың барлығын жинаған Күні: «Ей, жындар тобы / жынның шайтандары / ! Сендер адамдардан көбейттіңдер!» - дейді. Олардың адамдардан болған көмекшілері: «Раббымыз! Біз бір-бірімізден пайдаландық және біз үшін Өзің белгілеген мерзімге жеттік», - дейді. Ол: «Сендердің тұрақтарың - От. Онда мәңгі қаласыңдар, егер тек Аллаһ басқаны қаламаса», - дейді. Ақиқатында, Раббың - аса Дана, бәрін Білуші.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي