Және түйеден екеу, сиырдан да екеу. «Екі еркегін немесе екі ұрғашысын арам етті ме? Оған екі ұрғашысының жатырларындағылар да қосыла ма? Немесе Алла сендерге осыны нұсқағанда бар ма едіңдер?»,- де. Білмесе де адамдарды адастыру үшін Алла өтірік жала жапқаннан кім залымырақ? Күдіксіз Алла, залым елді тура жолға салмайды.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сондай-ақ, түйеден екеу және сиырдан екеу. Айт: «Екі еркегін тыйым салды ма, әлде екі ұрғашсын ба? Немесе екі ұрғашының жатырыңдағыны ма? әлде Аллаһ сендерге осыны бұйырып, сонда сендер куә болдыңдар ма?» - деп. Адамдарды білімсіз адастыру үшін, Аллаһ туралы / ойдан / өтірік шығарғаннан өткен әділетсіз кім бар?! Ақиқатында, Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолмен жүргізбейді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي