Олар, өздеріне періштелердің келуін, немесе Раббыңның келуін, не Раббыңның кей белгілерінің келуін ғана күте ме? Раббыңның белгілерінен кейі келген күні, бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімі бойынша бір хайыр істемеген біреудің иманы пайда бермейді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Күтіңдер, шәксіз күтеміз» де.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Олар өздеріне періштелердің келуін не Раббыңның келуін немесе Раббыңның белгілерінен кейбірінің келуін күте ме? Раббыңның белгілерінің кейбірі келетін күні ешбір жанға, егер ол алдын сенген болмаса, не иманымен бір игілік істеген болмаса, оған сенімі пайда бермейді. Айт: «Күтіңдер! Біз де күтеміз», - деп.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي