Расында сондай Аллаға жолығуды өтірікке жорығандар, зиянға ұшырады. Хатте оларға кенеттен қиямет келсе, олар: «Өкінішке орай бұл жөнінде кемшілік қылған екеміз ғой» дейді. Олар күнәларын арқаларына көтереді. Сақ болыңдар! Көтергендері нендей жаман.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Аллаһпен болатын кездесуді өтірік санағандар, зиянға ұшырады. Ал өздеріне Сағат / қиямет / кенеттен келгенде, олар: «Ол өмірімізде жіберіп алғандарымыз үшін біз қандай қасіретке тап болдық», - дейді. Әрі олар жүктерін / күнәларын / арқаларына көтеріп жүреді. Олардың көтерген нәрсесі неткен жаман!
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي