ترجمة سورة الشمس

الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
ترجمة معاني سورة الشمس باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد .
من تأليف: خليفة الطاي .

Күнге және оның жарығына,
Ай,күнге ерген сәтте,
Жарқыраған сәтте күндізге,
Күнідізді жапқан кезде түнге.
Аспанға және оны жасағанға,
Жерге және оны жайғанға,
Кісіге және оны толықтағанға,
Сонда оған жамандық әрі тақуалық қабілеті бергенге серт.(90-С.10-А)
Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды да;
Әлде кім оны кірлетсе қор болды.
Сәмүдтің азғындары өтіріксінді.
Оның ең жауызы қарсы шыққанда,
Сонда Алланың елшісі оларға: «Алланың түйесіне әрі оның суарылуына килікпеңдер» деді.
Бірақ олар оны жасынға шығарып,түйені өлтіріп тастады.Ал,сонда Раббылары оларға қылмыстарының салдарынан апат жіберіп,жермен жексен қылды.
Алла,оның соңынан қорықпайды.
Icon