Мәдянға туыстары Шұғайыпты жібердік: “Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Сендердің одан басқа тәңірлерің жоқ. Сондай-ақ өлшеуді, таразыны кемітпеңдер. Расында мен сендерді молшылық ішінде көремін. Күдіксіз мен сендерге байланысты тырп еткізбейтін күннің азабынан қорқамын” деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Мәдиян еліне, ағайындары Шұғайыпты / жібердік /. Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер. Сендер үшін Одан басқа құдай жоқ. Өлшеуді және таразығатартуды кемітпеңдер. Мен сендердің жағдайларыңның жақсы екенін көрудемін. Бірақ, мен сендерді орап алушы Күннің / Қияметтің / азабы тұтуынан қорқамын.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي