(Туыстары Юсыпты қырға алып шығып, әр түрлі аяусыз жапалар көрсетіп, қатты қинап өлтіруге жақындайды. Ол, оларға жылап, еңіреп жалбарынғандықтанөлтірмей әкелеріне қасқыр жеді деп, қанға бояп көрсету үшін жейдесін шешіп алып, жандары ашымай беліне жіп байлап құдыққа салбыратып тұрып, жібін кескен сәтте, Алладан Жебірейіл арқылы Юсып Ғ.С. ға пайғамбарлық келеді. Б.Ж.К.Р.Т.Ж-Қ.) Сонда олар, Юсыпты алып кеткен кезде, бәрі оны құдықтың түбіне тастауға бірлесті. Оған: “Туыстарыңа әлбетте осы істеріңнің хабарын бересің. Олар сезбейді” деп уахи еттік.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сонда олар оны алып кетіп, құлықтың түбіне тастауға келісті. Біз оған / Йусуфке / :«Әлбетте, сен / әлі / оларға осы істерінің хабарын бересің, олар сені сезбейді», - деп уахи еттік.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي