Олар, Юсыптан күдер үзген сәтте, оңашаланып кеңесті. Олардың үлкені: “Білмейсіңдер ме? Расында әкелерің сендерге байланысты Алланың атымен серт алған. Сондай-ақ бұрын Юсып жайында орасан айыптысыңдар. Сондықтан маған әкем рұхсат бергенге немесе мен үшін Алла бір үкім қылғанға (өлгенге) дейін осы жерден әсте айрылмаймын. Ол Алла үкім етушілердің ең жақсысы” деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Олар үмітсіздікке түсіп, оңашаланып кеңесті. Олардың үлкені: «Әкелерінің сендерден Аллаһтың алдында серт алғанын білмейсіңдер ме? Әрі бұрын Йусуфке байланысты қателік жасадыңдар. Әкем рұқсат бергенге немесе мен үшін Аллаһ бір үкім шығарғанға дейін осы жерден кетпеймін. Ол үкім шығарушылардың ең қайырлысы.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي