Олар, Юсып (Ғ.С.) қа барып, кірген сәтте: “Әй қожайын! Бізге және семьямызға ашарылық тиді. Онымен қатар мардымсыз бір нәрсемен келдік. Сонда да толық өлшеп бер. Тіпті бізге садақа да бер. Күдіксіз Алла, садақа берушілерді сыйлайды” деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Олар оның / Йусуфтың / алдына кірген кезде: «Уа, мырза! Бізге және үй-ішімізге қиыншылық тиді. Әрі біз аз затпен келген едік. Сонда да бізге толық өлшеп әрі бізге қайыр-садақа бер. Ақиқатында, Аллаһ садақа берушілерге қайтарым сыйын береді», деді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي