(Жаһилиет заманында кәпірлер егіннен, малдан Аллаға да, бұтқа да арнап сыбаға айырып, кейде Алла бай деп, Оған арналғанды бұтқа ауыстырып, бұтқа арналғанды Аллаға ауыстырмайтын болған.) Сол сияқты ортақтары, мүшріктердің көбін жою әрі олардың діндерін шатастыру үшін балаларын өлтіруді әдемі көрсетті. Егер Алла қаласа еді, олар оны істемес еді. Енді оларды жасандылары бойынша қойып қой.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әрі осылайша мүшріктердің / Аллаһқа серік қосушылардың / көбіне олардың серіктері / шайтандары / оларды құрту үшін, әрі діндерін шатастыру үшін, балаларын өлтіруді әдемі етіп көрсетті. Егер Аллаһ қалағанда, олар мұны істемес еді. / Ей, Мұхаммед! / Енді оларды да, олардың ойдан құрастырғандарын да жайына қалдыр.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي