Қашан саған аяттарымызға сенгендер келсе: «Сәламүн Ғалейкүм (Сендерге есендік болсын)» де. Раббыларың мәрхамет етуді өз үстіне алған. Шәксіз Алла, сендерден біреу, білмей бір жамандық істеп, сонан кейін тәубе қылып, өзін түзелтсе, сөз жоқ. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (54) Осылайша күнәкарлардың жолы анықталуы үшін аяттарымызды ашалап баян етеміз.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Қашан саған аяттарымызға сенгендер келсе: «Сендерге амандық болсын. / Сәләмун ъалайкум! / Раббыңыз Өзіне мейірімді жазған. Сендерден біреу білместікпен бір жамандық істеп, содан кейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / және түзетсе, ақиқатында, Ол - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді » - деп айт.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي