Сондай діндерін ойын-сауыққа алғандарды және дүние тіршілігіне алданғандарды қойып, Құран арқылы ескерт. Біреу қылығы себепті зиянға ұшырамасын. Негізінен оған Алладан өзге ешбір дос не қолдаушы жоқ. Және әрқандай төлеу берсе де одан алынбайды. Міне сондай қылықтарының салдарынан жанышталғандар үшін қарсылықтары себепті қайнап тұрған судан, сусын әрі жан түршігерлік азап бар.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Өз діндерін ойын әрі бос ермек етіп алғандарды және осы өмір алдағандарды жайына қалдыр. Әрі онымен / Құранмен / жанның істеп тапқандары / күнәлары / салдарынан құритындығын еске сал. Оған Аллаһтан өзге ешбір қамқоршы да, арашашы да болмайды. Әрі қандай төлем берсе де одан алынбайды. Міне, солар - істеген істерінің салдарынан, өздерін жойылуға душар еткендер. Оларға, күпірліктері / иманды теріске шығарғандықтары / үшін қайнап тұрған ыстық судан сусын әрі күйзелтуші азап бар.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي