(Мұхаммед Ғ.С.): «Алладан басқа бізге пайда, зиян келтіре алмайтын нәрсеге сиынайық па? Алла тура жолға салғаннан кейін қайтып, шайтан баурап, жер жүзінде абыржыған жолдастары: «Біз жақтағы тура жолға кел» деп шақырып жүрген кісі құсайық па?»,- де. «Алланың жолы тура жол. Және әлемдердің Раббына бой ұсынуға бұйырылдық» де.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед / / Айт: «Аллаһтан басқа бізге не пайда, не зиян келтіре алмайтын бір нәрседен тілейміз бе? Әрі Аллаһ бізді тура жолға түсіргеннен кейін, жолдастары: «Біз жаққа кел», - деп, тура жолға шақырып тұрса да, жер бетінде шайтандар азғырып, дал болған / өзін жоғалтқан / біреу секілді, артымызға қайтарыламыз ба?» - деп. Айт: «Аллаһтың жолы - анық тура жол. Біз әлемдердің Раббысына бойсұнуға бұйырылдық,
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي