Алланы лайықты түрде бағаламағандар, сол уақытта: «Алла, адам баласына ешбір нәрсе түсірмеді» деді. «Мұса (Ғ.С.) ның адам баласына бір нұр және туралық түрінде әкелген Кітабын кім түсірді? Сендер оны бөлшек- бөлшек қағаздар етіп, кейбірін көрсетіп, көбін жасырасыңдар. Негізінде аталарыңның әрі сендердің білмегендерің үйретілген болатын. Оны Алла түсірді» де. Сонан соң оларды қойып қой, азғындықтарында ойнасын.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Олар / :«Аллаһ адам баласына еш нәрсе түсірмеді», - деп, Аллаһтың қадірін лайықты түрде білмеді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Адамдар үшін нұр және тура жол ретінде Мұса әкелген Кітапты кім түсірді? Сендерге / онымен / өздерің және әкелерің білмеген нәрселер үйретілген еді. Ал сендер оны бөлек-бөлек парақтар етіп, бір бөлігін көрсетесіңдер де және көбісін жасырып қаласыңдар?» - деп және: « / Оны түсірген / Аллаһ!» - деп айт. Содан кейін оларды жалғанға батқан халде жайында қалдыр.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي