ترجمة سورة الغاشية

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
ترجمة معاني سورة الغاشية باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي .
من تأليف: جمعية خليفة الطاي الخيرية .

Ей, Мұхаммед! / Саған Fашияның хабары келді ме?
Ол күні / кейбір / жүздер қорланған болады,
амал етуші, шаршаған,
олар / ыстығы қатты отқа жанады,
қатты қайнап тұрған бастаудан ішкізіледі.
Оларға «дариъден» / ұлы тікеннен / басқа ешбір тамақ жоқ,
ол оңалтпайды да, аштықты да баспайды.
Сол күні / кейбір / жүздер шаттықта,
амал, әрекеттеріне разы,
биік бақтарда болады.
Олар ол жерде бос сөз естімейді.
Ол жерде ағып жатқан бұлақ бар.
Онда жоғары көтерілген жайлы орындар,
әрі қойылған кеселер,
және тізілген жастықтар,
жайылған кілемдер бар.
Олар түйеге, оның қалай жаратылғанына назар салмай ма,
әрі аспанға, оның қалай көтерілгеніне,
және тауларға, оның қалай тұрғызылғанына,
әрі жерге, оның қалай төселгеніне?
Ей, Мұхаммед! / Еске сал, анығында сен тек еске салушысың.
Сен оларға күшпен үстемдік етуші емессің.
Алайда кім теріс бұрылса және күпірлік етсе / қарсы келсе / ,
онда Аллаһ оны ең үлкен азаппен қинайды.
Ақиқатында, олардың қайтуы - Бізге.
Содан кейін, күмәнсіз, олардың есебі - Бізде.
Icon