ترجمة سورة الحديد

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
ترجمة معاني سورة الحديد باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي .
من تأليف: جمعية خليفة الطاي الخيرية .

Аспандағылар және жердегілер Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді. Ол бәріненҮстем, аса Дана.
Аспандардың және жердің билігі Онікі. Ол тірілтеді және өлтіреді. Әрі Ол әрбір нәрсені Жасай алушы.
Ол - әл-Әууәл / Өзінен бұрын еш нәрсе болмаған, ең Алғашқы / әрі әл-Ахир / Одан кейін ешнәрсе болмайтын, ең Соңғы / , әз-Зохир / өте Анық, барлық нәрсені Өзіне бағындырып тұрушы, бәрінен Жоғары / , әрі әл-Батин / өте Жасырын, жаратылғандарға көрінбей бәрін қамтып тұрушы, ең Жақын /. Әрі Ол - барлық нәрсені Білуші.
Ол сондай, аспандарды және жерді алты күнде жаратты, кейін Аршыға көтерілді. Ол жерге ненің кіретінін және одан ненің шығатынын әрі аспаннан ненің түсетінін және оған ненің көтерілетінін біледі. Әрі Ол қай жерде болсаңдар да сендермен бірге. Аллаһ не істеп жатқандарыңды Көруші.
Аспандардың және жердің билігі Оған тән. Әрі / барлық / істер Аллаһқа қайтарылады.
Ол түнді күндізге кіргізеді, ал күндізді түнге кіргізеді. Әрі Ол - кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші.
Аллаһқа және Оның Елшісіне сеніңдер әрі Ол сендердің қол астарыңа / иеліктеріңе / берген нәрселерден жұмсаңдар. Сендерден иманға келгендерге әрі жұмсағандарға үлкен сый бар.
Елші сендерді өздеріңнің Раббыңа сенуге шақырса да Аллаһқа сенбейтіндей сендерге не болды? Егер сендер иманды / мүмін / болсаңдар, негізінде, Ол / Аллаһ / серттеріңді алған еді.
Ол сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін құлына анық аят-белгілер түсіреді. Ақиқатында, Аллаһ - сендерге аса Мейірбан, ерекше Мейірімді.
Әрі аспандардың және жердің мирасы Аллаһтікі бола тұрып, Аллаһтың жолында / садақа / бермейтіндей сендерге не болды? Сендерден жеңіске дейін бергендер және соғысқандар / кейінгілермен / бірдей емес. Олардың дәрежесі / жеңістен / кейін берген және соғысқандарғақарағанда үлкенірек. Алайда Аллаһ әрбіріне ең жақсыны / Жәннатты / уәде етті. Аллаһ не істейтіндеріңнен Хабардар.
Кім Аллаһқа көркем қарыз берсе, Ол оған оны еселеп арттырып қайтарады әрі оған құрметті сый бар.
Сол / Қайта тірілу / күні иманды ерлер мен иманды әйелдердің нұрлары алдарында және оң жақтарында болғанын көресің. / Оларға: / «Бүгін сендер үшін қуаныш - астынан өзендер ағып жататын, сендер онда мәңгі қалатын / Жәннаттағы / бақтар бар. Міне, осы - ұлы жетістік.
Ол күні мұнафиқ ерлер мен мүнафиқ әйелдер иманға келгендерге: «Бізді күте тұрыңдаршы, сендердің нұрларыңнан пайдаланайық», - дейді. / Оларға: / «Нұрды арттарыңа қайтып, іздеңдер», -делінеді. Кейін олардың арасына қақпасы бар қамал орнатылады. Оның ішінде игілік, ал сыртқы жағында азап болады.
Олар / мұнафиқтар / бұларға: «Біз сендермен бірге болмадық па?!» - деп дауыстайды. Бұлар / имандылар / :«Иә, бірақ сендер өздеріңді-өздерің азғырып бүлікке салдыңдар, не боларын күттіңдер, күмәндандыңдар, Аллаһтың әмірі / өлім / келгенге дейін сендерді бос армандар алдады. Әрі Аллаһ жайында сендерді алдаушы / шайтан / алдады», - дейді.
Енді бүгін сендерден де және сондай күпірлік еткендерден де / Аллаһқа ашық түрде қарсы шыққандардан да / ешқандай өтем алынбайды. Сендердің баратын орындарың - От. Ол -сендер үшін ең лайықтысы. Ол баратын орын өте жаман!
Иманға келгендерге, олардың жүректері Аллаһты және ақиқаттан түсірілгенді / Құранды / еске алғанда бойсұна берілуінің уақыты келмеді ме әрі олардың өздерінен бұрын Кітап берілгендей болмауларына? Олардың жүректері ұзақ уақыт өтуімен қатайған әрі олардың көбі - бұзықтар / бойсұнбаушылар /.
Біліндер, Аллаһ жерді тіршіліксіз қалғаннан кейін қайта тірілтеді. Біз сендерге ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін аят-белгілерді анықтап түсіндірдік.
Шын мәнінде, садақа беруші ерлер мен садақа беруші әйелдерге және Аллаһқа көркем қарыз бергендерге еселеп көбейтіледі әрі оларға құрметті сый / Жәннат / болады.
Аллаһқа және Оның елшілеріне сенгендер, солар шыншылдар. Ал, шәһидтер - олардың сыйлары және нұрларыөздерінің Раббысында. Ал, сондай күпірлік еткендер / Аллаһқа қарсы келгендер / және Біздің аяттарымызды өтірік санағандар болса, олар Жахимда (Тозақ) - болатындар.
Біліңдер, бұл өмір - бар болғаны бір ойын әрі ермек және сән-салтанат, өзара мақтанысу және дүние-мүлік пен балаларды арттыра түсу ғана. Ол - жауып өткеннен кейін, өсіп шыққан өсімдіктері дән себушілерді таңқалдырған бір жаңбыр секілді. Кейін ол / өсімдіктер / қурайды, сонда сен оның сарғайғанын көресің. Сонан соң ол қоқымға айналады. Ал, соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / қатты азап және Аллаһтан кешірім мен ризалық бар. Бұл дүниедегі өмір - бар болғаны алдамшы рахат / өткінші пайдалану / ғана.
Өздеріңнің Раббыңның кешіріміне және Аллаһ пен Оның елшілеріне сенгендер үшін әзірленген, ені -аспан мен жердің еніндей жәннатқа жарысыңдар. Міне, осы - Аллаһтың Өзі қалағанына беретін кеңшілігі. Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі.
Жер бетіне және сендердің өздеріңе болатын әрбір қиыншылық - Біз оны пайда етуден бұрын Кітапта / жазылып қойылған / Ақиқатында, бұл Аллаһқа жеңіл.
Бұл / болып өткенге өкініп, қайғырмауларың және Оның сендерге бергеніне масаттана қуанбауларың үшін. Аллаһ әрбір өзін өзгеден жоғары санаушыны, мақтаншақты ұнатпайды, -
сараңдық ететін және адамдарға да сарандықты бұйыратындарды. Ал, кім теріс бұрылса, ақиқатында Аллаһ Бай, Мұқтажсыз, аса Мақтаулы.
Біз елшілерімізді анық дәлелдермен жібердік әрі олармен бірге Кітапты және адамдардың туралықта тұрулары үшін Таразыны / Әділдікті / түсірдік. Әрі темірді Біз түсірдік, онда адамдар үшін үлкен қауіп және пайдалар бар. Ал, бұл - Аллаһ Өзіне / дініне / және елшілеріне көрмей тұрып-ақ көмектескендерді айқындауы үшін. Ақиқатында, Аллаһ өте Күшті, бәрінен Үстем.
Әрі Біз Нұхты және Ибраһимді жібердік әрі екеуінің ұрпағына пайғамбарлық пен Кітап бердік. Олардың ішінде тура жолды ұстанғандар бар, алайда олардың көбі - бұзықтар / бойсұнбаушылар /.
Кейін олардың соңынан елшілерімізді жібердік. Әрі Мәриямның ұлы Исаны жіберіп, оған Інжілді бердік және оған ілескендердің жүректеріне жанашырлық және мейірім салдық. Ал, монахтықты олардың өздері ойлап тапты, Біз оларға оны белгілеп бекіткен жоқпыз. Алайда олар оны Аллаһтың ризалығын іздеу үшін шығарды. Бірақ олар оны / өздеріне-өздері міндет еткендей / лайықты түрде ұстай алмады. Біз олардың іштерінен иманға келіп сенгендеріне сыйларын бердік, алайда олардың көбі - бұзықтар / бойсұнбаушылар /.
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа тақуалық етіңдер / Оған бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтаныңдар / және Оның елшісіне сеніңдер, сонда Ол сендерге Өзінің мейірімінен екі есе береді және сендерге, өздерің онымен жүретін нұр / жарық / жасайды әрі сендерді кешіреді. Өйткені Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
Кітап берілген қауым, өздерінің Аллаһтың кеңшілігінен ешнәрсеге шамалары жетпейтіндігін әрі кеңшілік Аллаһтың қолында екенін, Ол оны Өзі қалағанға беретінін білсін, әрі Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі.
Icon