Сондай-ақ оларға аяттарымыз ашық дәлел түрінде оқылған кезде, сондай Бізге кездесуді үміт етпегендер: «Бұдан басқа бір Құран келтір немесе мұны ауыстыр!»,- деді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Оны өз тарапымнан өзгертуіме болмайды. Мен өзіме уахи етілгенге ғана еремін. Расында мен, Раббыма қарсы келсем, ұлы күннің азабынан қорқамын» де.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Оларға анық аяттарымыз оқылған кезде, Бізбен жолығуды үміт етпейтіндер: «Сен бұдан басқа бір Құран келтір немесе мұны ауыстыр!» - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Маған оны өздігімнен өзгертуіме болмайды. Мен өзіме уахи етілгенге ғана еремін. Раббыма бойсұнбасам, ақиқатында, ұлы Күннің азабына ұшыраудан қорқамын», - деп.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي