Олар, Алладан өзге, өздеріне зиян не пайда бермейтін нәрселерге шоқынып: «Оларды, Алланың қасында шапағатшымыз» дейді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Сендер Аллаға, көктердегі әрі жердегі Оның білмеген нәрсесінен хабар бересіңдер ме?»,- де. Алла, олардың қосқан шеріктерінен пәк, жоғары.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Олар, Аллаһтан өзге өздеріне зиян да жеткізбейтін және пайда да келтірмейтін нәрсеге құлшылық етеді әрі: «Бұлар Аллаһтың алдында бізге шапағат етушілер», - дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сонда сендер Аллаһқа, аспандарда және жерде Ол білмейтін бір нәрсе бар деп, оның хабарын бермекшісіңдер ме?» - де. Ол / Аллаһ / олардың серік етіп қосатындарынан пәк әрі жоғары.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي