Біз оларға зұлымдық қылмадық. Олар өздеріне зұлымдық етті. Раббыңның әмірі келген сәтте, олардың Алладан өзге жалбарынғандары өздеріне ешбір пайда келтірмеді. Сондай-ақ зияндарын арттырғаннан басқа түкке тұрмады.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Біз оларға әділетсіздік етпедік. Олар өздеріне-өздері әділетсіздік етті. Раббыңның әмірі келген кезде, Аллаһтан өзге жалбарынған құдайлары оларға ешбір пайда келтірмеді. Әрі Оларға зияннан басқаны арттырмады.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي