Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Сонан соң Оған тәубе етіңдер. Ол сендерді белгілі бір мерзімге дейін көркем түрде пайдаландырады да, әрбір мәрхамет иесіне артық сыйлық береді. Егер жалтайсаңдар, расында сендер туралы ұлы күннің азабынан қорқамын.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер әрі істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтыңдар / тәубеге келіндер /. Ол сендерді белгілі бір мерзімге / өлім келгенге / дейін көркем несібемен пайдаландырады. Әрі Ол, әрбір кеңшілік етушіні Өз кеңшілігіне бөлейді. Егер теріс бұрылсаңдар, сендерге болатын ұлы Күннің / Қияметтің / азабынан қорқамын.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي