Мен сендерге: «Жанымда Алланың қазыналары бар демеймін де көместі де білмеймін. Мен бір періштемін де демеймін. Сондай-ақ көздеріңе ілмейтіндерге: «Алла әсте жақсылық қылмайды» демеймін. Алла олардың ішіндегілерді жақсы біледі. Ол уақытта мен залымдардан болармын» (деді.)
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сендерге: «Менде Аллаһтың қазыналары бар демеймін және ғайыпты да білмеймін. Әрі: «Мен бір періштемін», - деп те айтпаймын. Сондай-ақ, сендер көздеріңе ілмей, қор санайтындарың туралы: «Аллаһ оларға жақсылық бермейді», - деп айтпаймын. Аллаһ олардың көкіректеріндегіні / жүректеріндегіні / жақсы біледі. Әйтпесе, / егер, олай десем / , онда мен сөзсіз әділетсіздерден боламын», - деді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي