«Әй Нұх! Саған, сенімен бірге болған топтарға бізден сәлеметтік, молшылықпен кемеден түс! Бір талай топты дүниеде пайдаландырамыз да сонан кейін олар біздің күйзелтуші азабымызға ұшырайды» делінді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
«Ей, Нұх! Бізден болған амандықпен және саған әрі сенімен бірге / болған / үмметтерге арналған берекелермен түс! Ал, өзге / кәпір / қауымдарды / дүниеде / пайдаландырамыз да кейін оларға Бізден бір қинаушы азап тиеді», - делінді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي