(Елшілер): “Әй Лұт! Расында біз Раббыңның елшілеріміз. Олар, әсте саған соқтыға алмайды. Дереу түннің бір бөлімінде үй-ішіңмен жөнел, жұбайыңнан басқа ешкім кейін қалмасын. Өйткені, еліңе келетін апат оған да жетеді. Олардың уәдесі таң. Таң жақын емес пе?”, - деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Олар / періштелер / :«Ей, Лұт! Ақиқатында, біз - Раббыңның елшілеріміз. Олар саған жете алмайды. Түннің бір бөлімінде үй-ішіңді алып шық. Әрі сендерден ешкім бұрылмасын. Тек сенің әйеліңе ғана, оларға тиетін / апат / тиеді. Ақиқатында, олардың белгіленген мезгілі - таң. Таң жақын емес пе?» - деді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي