(Мұхаммед Ғ.С.) міне бұлар білінбеген еңгімелерден. Оны саған уақи етеміз. Бұдан бұрын оны сен де, қаумың да білмейтін еді. Онда сабыр ет. Расында соңғы табыс тақуалар үшін.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Міне, осы ғайып хабарлардан, оны саған уахи етеміз. Бұдан бұрын сен де, қауымың да, бұл туралы білмеген едіңдер. Ендеше, сабыр ет, анығында соңғы нәтиже - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي