Жеті көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар, Аланы пәктейді. Оны пәктеп, мақтамайтын еш нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың тасбихтарын (пәктеулерін) түсіне алмайсыңдар. Шынында Алла өте жұмсақ, аса жарылқаушы.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Жеті аспан мен жер және онда болғандар Оны / барлық кемшіліктерден / пәк деп дәріптейді. Оны мақтап, / барлық кемшіліктерден / пәк деп дәріптемейтін ешбір нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың дәріптеулерін түсінбейсіңдер. Ақиқатында, Ол аса Ұстамды, өте Кешірімді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي