Ол Алла, қайсыларың жақсы ғамал істейді деп, сынау үшін көктер мен жерді алты күнде жаратты. Оның ғаршысы су үстінде еді… (Ғаршыдан кейін су жаратылған.) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер сендер өлгеннен кейін тірілесіңдер» десең, кәпірлер: «Мынау ашық жадыдан басқа дәнеңе емес» дейді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ол сендерді, амал етуде қайсыларың жақсы екенін сынау үшін аспандарды және жерді алты күнде жаратқан. Әрі Оның Аршысы су үстінде еді. Егер оларға: «Сендер өлгеннен кейін, әлбетте, қайта тірілесіңдер» - десең, күпірлік еткендер / қайта тірілуді мойындамайтындар / :«бұл - бар болғаны анық бір сиқыр», - дейді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي