Олардың сиынғандары; (періштелер, пайғамбарлар, жындар. К. Б.Ж.М.Р. ) Раббыларына қайсылары жақын боламыз деп, құлшылық арқылы ізденеді. (5-С. 35-А.) Рахметінен үміт етіп, азабынан қорқады. Негізінде Раббыңның азабы сескенуге тиісті.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Олардың табынғандарының өздері Раббысына қарай жақындататын жол іздеп, Оған жақынырақ болуға ұмтылады. Олар Оның мейірімін үміт етеді әрі азабынан қорқады. Ақиқатында, Раббыңның азабы - қорғанып, сақтануға тиіс / қажетті / болған нәрсе.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي