Не сендерді қайтадан теңізге қайтарып, қарсылықтарыңның салдарынан бір құйын жіберіп, суға батыруынан бейбітсіңдер ме? Сонда сендерге болысып, бізді қуалаушы таба алмайсыңдар.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әлде Оның сендерді оған / теңізге / тағы да қайтарып әрі қатты дауыл жіберіп, күпірліктерің / қарсы келгендіктерің / үшін суға батыруынан қауіпсіз бе едіңдер? Кейін Бізге қарсы кектеріңді даулаушы таппайсыңдар.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي