Жүрегі иманнан орныққаннан кейін зорлық көрген біреуден басқа біреу; иман келтіргеннен кейін Аллаға қарсы келсе, сондай-ақ біреу көңілін имансыздыққа берсе, оған Алланың ашуы және оларға зор азап бар. (Бұл аят бойынша, жүрегіндегі Аллаға сенімі мықты біреудің зорлық көргенде қарсылық сөз айтуына болады. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.)
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Кім иманға келгеннен кейін, Аллаһқа күпірлік етсе / қарсы шықса / , - ал, біреудің мәжбүрлеуіне ұшырап / тілімен бас тартып / , бірақ жүрегі иманға орнықты болғандар бұған кірмейді -әрі кім күпірлікке / имансыздыққа / көкірегін ашса, соларға Аллаһтың қаһары әрі үлкен азабы болады.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي