ترجمة معاني سورة الجاثية
باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
.
من تأليف:
خليفة الطاي
.
ﰡ
Бұл Кітап тым үстем, хикмет иесі Алла тарапынан түсірілді.
Күдіксіз көктерде де жерде де белгілер бар.
Сендердің жаратылуларықда сондай-ақ жәндіктердің өрбіп таралуында нак сенген ел тшін белгілер бар.
Түн мен күндіздің ауысуында сондай-ақ Алланың көктен жаңбыр жаудырып, өлгеннен кейін жерге сонымен жан беруінде және желдерді игеруінде түсінген елге ғибрат бар.
(Мұхаммед Ғ.С.) осылар Алланың аяттары. Саған бұларды хақиқат бойынша оқимыз. Енді олар Алланың аяттарынан кейін қай сөзге сенеді?
Барлық өтірікші, күнәкар құрысын!
Оларға оқылған Алланың аяттарын тыңдайды да сосын қасарысып, тәкаппарланған бойда естімегендей болады. Енді оны күйзелтуші азаппен қуандыр.
Мүбада ол, аяттарымыздан бір нәрсе білсе, оны келемежге алады. Міне соларға қорлаушы азап бар.
Артынан тозақ дайын. Олардың істері де Алладан өзге жасап алған достары да ешбір пайда бермейді. Сондай-ақ оларға зор қинау бар.
Бұл Құран бір жетекші. Сондай Раббыларының аяттарына қарсы болғандар үшін күйзелтуші азаптың ең қоры бар.
Ол сондай Алла, теңізді еріктеріңе берді. Оның бұйрығымен теңізде кемелерді жүргізіп, Оның кеңшілігінен несібе іздейсіңдер. Әрине шүкірлік етерсіңдер.
Және де Ол, өз тарапынан сендер үшін көктердегі әрі жердегі барлық нәрсені іске қосты. Шын мәнінде осыларда түсінген ел үшін белгілер бар.
(Мұхаммед Ғ.С.) иман келтіргендерге айт: "Алланың ауыр күнін үміт етпегендерді кешірім етсін. Өйткені Алла, бір елдің қылықтарының жазасын береді.
Әлде кім ізгі іс істесе, сонда өзі үшін. Ал кім жамандық істесе, о да өзіне. Сосын Раббыларыңа қайтарыласыңдар.
Расында Израил ұрпақтарына кітап, патшалық, Пайғамбарлық және өздеріне таза ризық беріп сондай-ақ әлемдерге үстем қылған едік.
Және де дін істерінде оларға ашық түсініктер бердік. Дегенмен өздеріне мәлімет келгеннен кейін өзара күншілік қылып, мүлде талас-тартысқа түсті. Шын мәнінде Раббың қиямет күні араларындағы қайшылыққа түскен нәрселері турасында үкім береді.
Сосын (Мұхаммед Ғ.С.) сені шариғат ісіне қойдық. Енді сонымен жүр. Білмегендердің ойларына ілеспе.
Өйткені олар сені Алладан еш қорғай алмайды. Шынында залымдар бір-бірінің досы. Сондай-ақ Алла тақуалардың досы.
Бұл Құран адамдар үшін көрнеу дәлелдер және нақ сенген елге жетекші әрі рахмет.
Немесе жамандықтарды істегендер, өздерін; иман келтіріп, ізгі іс істегендер сияқты қылатындығымызды, тіршіліктерінде, өлімдерінде тең боларын ойлай ма? Олардың берген үкімі нендей жаман.
Негізінде Алла (Т.) көктерді әрі жерді шындық бойынша жаратты. Әркімге қылығының бодауы беріледі. Сондай-ақ олар әділетсіздікке ұшырамайды.
(Мұхаммед Ғ.С.) көңлі тартқанын тәңір жасап алған, сондай-ақ Алла, өзін біліп адастырган және құлағын, жүрегін бітеп, көзіне қалтқы жасаған біреулерді көрдің ме? Енді Алладан кейін оны тура жолға кім салады? Түсінбейсіңдер ме?
Олар: "Тіршілігіміз дүниедегі ғана. Өлеміз, өмір стреміз. Бізді заман ғана өлтіреді" дейді. Негізінде олардың бұған байланысты мәліметі жоқ. Олардікі межелеу ғана. (Қүбылыстар; заманның айналуынан ғана болады дейді. М.Р.К.)
Оларға аяттарымыз ашықша оқылған кезде: "Егер сөздерің шын болса, аталарымызды тірілтіп, келтіріңдер" деулерінен басқа дәлелдері болмады.
(Мұхаммед Ғ.С.): "Сендерді Алла тірілтеді сосын өлтіреді. Сосын сендерді болуы шәксіз қиямет күнінде жинайды. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді" де.
Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Қиямет-қайым болған күні, я сол күні; бұзық құмарлар зиянға ұшырайды.
(Мұхаммед Ғ.С.) барлық үмметті жүгінген түрде көресің. Әр үммет ғамал дәптеріне шақырылады да: "Бүгін қылмыстарыңның бодауы беріледі."
"Бұл Кітабымыз сендерге шындықты сөйлейді. Өйткені, сендердің істегендеріқді жаздырушы едік."
Ал енді иман келтіріп, ізгі іс істегендер, сонда оларды Раббылары мәрхаметіне бөлейді. Міне сол айқын қол жеткендік.
Қарсы болғандарға: "Сендерге аяттарым оқылмап па еді? Сонда тәқаппарландыңдар. Сондай-ақ қылмысты ел, сендер едіңдер."
"Расында Алланың уәдесі хақиқат әрі қияметтің келуінде шәк жоқ" делінген уақытта: "Қияметтің не екенін білмейміз. Бір ой жору ғана деп ойлаймыз. Сондай-ақ біз анық нанушы емеспіз" (дер едіңдер.)
(Дегенше) істеген істерінің жамандықтары әшкереленіп, олардың мазақтаған нәрселері бастарына жетті.
Оларға: "Сендер осы күнге жолығуды ұмытқандай сендерді Біз де ұмытамыз. Орындарың от. Сондай-ақ сендер үшін бір жәрдемші болмайды" делінеді.
Бұларың, Алланың аяттарын мазақтағандықтарыңның салдарынан. Әрі сендерді дүние тіршілігі алдады. Сондықтан олар тозактан шығарылмайды да ғүзырлары қабыл етілмейді.
Барлық мақтау, көктер мен жердің және әлемдердің Раббы Аллаға тән.
Сондай-ақ Көктерде, жерде ұлықтық Онікі. Ол тым үстем, аса дана.