(Мұхаммед Ғ.С.) :«Әй Кітап иелері! Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Алладан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық» деп айт. Егер олар жүз бұрса: «Куә болыңдар, шіксіз біз Мұсылман болдық» деңдер.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Бізге де, сендерге де бірдей бір сөзге келейік, - Аллаһтан басқаға құлшылық қылмайық, Оған ешнәрсені серік қоспайық. Сондай-ақ, бірімізді біріміз Аллаһтан өзге - иелер етіп алмайық», - деп. Егер олар бет бұрса: «Біздің мұсылман екенімізге куә болыңдар», - деп айтыңдар.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي