Аллаға серт! (Мұхаммед Ғ.С.) Расында сенен бұрын да үмметтерге елшілер жіберген едік. Сонда да шайтан, оларға, өз қылықтарын әйбет көрсетті. Сондықтан бүгін де ол, олардың досы. Оларға күйзелтуші азап бар.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Аллаһпен ант етемін! / Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да үмметтерге / елшілер / жібердік. Сонда шайтан оларға істерін әдемі етіп көрсетті. Ол / шайтан / бүгін / осы өмірде / олардың жақыны, досы әрі олар үшін / ақиретте / қинаушы азап бар.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي