Сонсоң (Алла) сендерге қайғыдан кейін тыныштық ұйқысың жіберді де сендердің бір бөлімдеріңді баурап алды. Және бір топтың, жандары қайғы болып, олар Аллаға орынсыз надандық ой ойлады. Олар: «Бұл істе бізде не ерік бар?»,- десті. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: « Барлық іс Алланың еркінде» деп айт. Ал олар іштеріңде жасырған нәрселерін саған әшкерелемейді. Тағы олар: «Іс біздің еркімізде болса еді, осы жерде өлтірілмес едік» дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер сендер үйлеріңде болсаңдар да өлтірілуі жазылғандар, әрине өлтірілетін жерлерінде болар еді» деп айт. Алла көкіректеріңдегіні сынау және жүректеріңдегіні тазарту үшін өстіді. Сондай-ақ Алла көкейлеріндегіні толық білуші.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Кейін, қайғыдан соң, Ол сендерге бір бөлігіңді баурап алған тыныштықты қалғу / жеңіл ұйқы / түрінде түсірді. Ал, басқа бір топ Аллаһ туралы, надандық дәуіріндегідей шындыққа сай келмейтін ой ойлап: «Осы істен бізге бір нәрсе бар ма?» - деп өздері жайлы уайымда болды. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында барлық іс Аллаһтың еркінде», - деп. Олар саған әшкере етпейтіндерін іштерінде жасырады да: «Осы істен бізге бір нәрсе болғанда, осы жерде өлтірілмес едік», - дейді. Айт: «Сендер үйлерінде болсаңдар да өлтірілуі / тағдырында / жазылғандар, өздері жер құшатын орынға барар еді. Бұл - Аллаһтың сендердің көкіректеріңдегіні сынауы үшін әрі жүректеріңдегіні тазартуы үшін. Аллаһ көкіректердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي