Расында Алла (Т.) мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен, оларға Алла аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жіберді. Өйткені, олар бұрын ашық адасуда еді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ақиқатында, Аллаһ имандыларға / мүміндерге / Оның аяттарын оқитын, оларды тазартатын және Кітап пен даналықты / сүннетті / үйрететін өз іштерінен бір Елші жіберіп, оларға игілік жасады. Ал, олар бұрын анық адасуда болған еді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي