(Мұхаммед Ғ.С.) міне бұл саған біз уахи етіп отырған көмес хабарлардан. Олардың қайсысы Мәрйемге ие болады деп, қаламдарын (шар) салған кезде, қастарында жоқ едің. Сондай-ақ олар таласқан сәтте де алдарында емес едің.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Бұл - Біз саған уахи етіп отырған ғайып хабарлардың бірі. Негізінде, олар / ғибадатхана өкілдері / Мәриямды қарауына қайсысы алатынына / анықтау үшін / қаламдарын / жеребе етіп / тастағанда, сен олардың қасында болған жоқсың. Әрі олар тартысқан кезде де қастарында жоқ едің.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي