ترجمة سورة الأنبياء

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
ترجمة معاني سورة الأنبياء باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي .
من تأليف: جمعية خليفة الطاي الخيرية .

Адамдарға есеп / уақыты / жақындады, ал олар қаперсіздікте, бет бұрған күйлерінде жүр.
Оларға Раббысынан қандай да бір жаңа еске салу келсе, олар оны тек ойын, ермек етіп қана тыңдайды,
жүректері бос, бейқам күйде. Әділетсіздер өзара құпия сөйлесіп: «Бұл, бар болғаны өздерің сияқты адам емес пе? Көріп тұрып, сиқырға ересіңдер ме?» - дейді.
Ол / Мұхаммед / :«Раббым аспандағы және жердегі айтылған сөзді біледі. Ол әс-Самиъ / бәрін Естуші / , әл-’Алим / бәрін Білуші / », - деді.
Олар: «Олай емес, бұл бір шым-шытырық түстер. Жоқ, ол оны ойдан шығарған. Жоқ, ол - ақын. Ол бізге бұрынғыларға түсірілгендей бір белгі - мұғжиза келтірсін», - деді.
Оларға дейін Біз жойып жіберген елді мекендердің ешбірі иманға келмеген еді. Енді бұлар / мұғжизаны көргенде / иманға келе ме?!
Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да оларға уахи етіп, тек ер адамдарды жібердік. Егер өздерің білмесеңдер, Еске салу / Кітап / берілген қауымнан сұрандар.
Әрі біз оларды / пайғамбарларды / тамақ ішпейтін бір дене етіп жаратқан жоқпыз және олар мәңгі қалушы да емес.
Кейін оларға берген уәдені шындыққа шығарып, оларды / пайғамбарларды / және қалағандарымызды құтқардық. Ал шектен шыққандарды жойып жібердік.
Біз сендерге Кітап түсірдік. Онда сен­дерге еске салу бар. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма?
Әрі біз / халқы / әділетсіз болған қаншама елді мекендерді жойдық және олардан кейін басқа халықтарды пайда еттік.
Сонда, қашан олар Біздің азабымызды сезген кезде, одан / тұрған жерлерінен / қаша бастады.
Оларға: «Қашпаңдар! Өздеріне мол етіп берілгенге / сән-салтанаттарыңа / және үйлеріңе қайтыңдар, мүмкін сендерге өтініш жасайтын болар», - делінді.
Олар: «О, сорымыз кұрысын! Шын мәнінде біз әділетсіз болдық»,- деді.
Біз оларды орып бастырылған шөптей еткенге дейін олар осылай деулерін тоқтатпады.
Біз аспан мен жерді әрі екеуінің арасындағыларын ермек етіп жаратқан жоқпыз.
Егер де ермек етуді қалағанымызда, бұны істейтін болсақ, оны Өзімізден алар едік.
Керісінше! Біз ақиқатты жалғанның үстіне тастаймыз. Сонда ол / шындық / оны күйретеді. Сөйтіп, ол / жалған / кетеді, әрі сипаттағандарың үшін сендерге қасірет бар!
Аспандардағы және жердегі әркім де - Онікі. Оның құзырыңдағылар / періштелер! Оған құлшылық етуден өздерін жоғары санамайды әрі жалықпайды.
Олар түнде және күндіз / күндіз-түні / шаршамастан Оны дәріптейді.
Бұлар жер бетінен қайта тірілте алатын құдайлар / жасап / алды ма?
Егер екеуінде / аспандар мен жерде / Аллаһтан басқа құдайлар болғанда, ол екеуі де бүлініп кетер еді. Аршының Раббысы - Аллаһ олардың сипаттағандарынан / жапқан жалаларынан / пәк.
Ол / Аллаһ / не істегенінен сұралмайды. Ал, олар / жаратылғандар / сұралады.
Әлде олар Одан басқаларды құдайлар етіп алды ма? Айт: «Дәлелдеріңді келтіріңдер. Бұл / ақиқат, дәлел / - менімен бірге болғандардың Еске салуы / Құран / әрі менен алдын болғандардың Еске салуы / Тәурат, Інжіл / »,- деп. Негізінде, олардың көпшілігі ақиқатты білмейді, сондықтан олар теріс бұрады.
Ей, Мұхаммед! / Біз сенен алдын бір Елші жіберсек, оған: «Менен басқа құдай жоқ. Сондықтан Маған құлшылық етіңдер», - деп уахи етпей тұрып жібермедік.
Сондай-ақ, олар / мүшріктер / :«Әр-Рахман Өзіне бала алды», - деді. Ол / барлық кемшіліктен / пәк. Анығында, / періштелер / құрметтелген құлдар.
Олар / періштелер / Одан / Аллаһтан / бұрын бір сөз айтпайды. Әрі олар Оның бұйрығы бойынша амал жасайды.
Ол / Аллаһ / олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар Ол разы болғаннан басқаға араша түспейді / шапағат етпейді /. Олар Одан қорыққаннан діріл қағып тұрады.
Ал олардан кім: «Мен Одан басқа құдаймын», - десе, оны Жаһаннаммен жазалаймыз. Біз әділетсіздердің қайтарым жазасын осылай береміз.
Аспандар мен жер біртұтас болып, Біз оларды ажыратқанымызды және әрбір тірі нәрсені судан жасағанымызды күпірлік етушілер / Аллаһқа сенуден бас тартқандар / көрмей ме / білмей ме / ? Олар сонда да сенбей ме?
Біз жерде, оның олармен бірге шайқалмауы үшін берік тұрғандарды / тауларды / орнаттық. және онда олардың жол табулары үшін кең жолдар жасадық.
Әрі аспанды қорғаулы шатыр еттік. Ал, олар Оның белгілерінен теріс айналуда.
Әрі Ол / Аллаһ / сондай - түн мен күндізді және күн мен айды жаратты. Әрбірі өз жолымен / орбитасымен / жүзіп жүреді.
Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да адамдардың ешқайсысына мәңгілікті / мәңгі өмірді / бермедік. Сен өлсең, олар мәңгі қала ма?!
Әрбір жан - өлімді татушы. Біз сендерден емтихан алу үшін өздеріңді жамандықпен және жақсылықпен сынаймыз. Әрі Бізге қайтарыласыңдар.
Ал, сондай күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / сені көрген кезде, келеке етіп: «құдайларыңды сөз қылып жүрген мынау ма?» - дейді. Әрі өздері әр-Рахманның / аса Қайырымдының / еске салуын / Құранды / теріске шығарады.
Адам баласы асыққыш болып жаратылған. Жақында сендерге белгілерімді көрсетемін. Мені асықтырмаңдар.
Сондай-ақ, олар / мүшріктер / :«Егер шын сөзді болсаңдар, бұл уәде қашан?»- дейді.
Күпірлік етушілер / имансыздар / беттері мен арқаларын оттан қорғай алмайтын және оларға көмек берілмейтін кезді білсе еді!
Негізінде ол / азап / оларға кенеттен келіп, састырып қояды. Сонда олар оны қайтара алмайды әрі оларға мұрсат та берілмейді.
Сондай-ақ, саған дейінгі елшілер де келеке етілген еді. Сонда оларды / елшілерді / келеке еткендердің мазақ еткен нәрселері өздерін орап алды / бастарына келді /.
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерді түнде және күндіз әр-Рахманнан кім қорғайды?»- деп. Алайда олар Раббысын еске алудан теріс бұрылуда.
Әлде оларда өздерін Бізден қорғайтын құдайлары бар ма? Олар өз-өздеріне көмек бере алмайды әрі оларды ешкім де Бізден құтқара алмайды.
Анығында, Біз оларды және аталарын / бұл өмірде / оларға өмір ұзақ созылғанға дейін пайдаландырдық. Біз жерді жан-жағынан кемітіп келе жатқанымызды олар көрмей ме? Сонда, үстем болатын солар ма?!
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Анығында мен сендерді уахимен ғана ескертемін», - деп. Кереңдер ескертіліп жатқан кезде шақыруды / үгіт-ескертуді / естімейді.
Егер Оларға Раббыңның азабынан бір титтейі ғана тисе, олар: «Сорымыз құрысын! Шын мәнінде біз әділетсіз болдық», - дейді.
Әрі Біз Қайта тірілу күні үшін әділ таразыларды орнатамыз. Сонда бірде-бір жанға ешбір нәрседе әділетсіздік етілмейді. Тіпті қыша дәнінің салмағындай бір нәрсе болса, оны да әкелеміз. Біз есептеуде жеткіліктіміз.
Әрі Біз Мұса мен Һарұнға тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін фұрқанды (ақиқат пен жалғанды ажыратушы, яғни бұл жерде Тәурат), нұрды және еске салатынды бердік.
Олар / тақуалар / өздерінің Раббысын көрмей-ақ Одан қорқады әрі олар Сағаттан / Есеп күнінен / зәресіұшып тұрады.
Біз түсірген бұл / Құран / - берекелі Еске салушы. Сендер оны теріске шығарасыңдар ма?!
Әрі Біз бұрын Ибраһимге туралықты бердік әрі оны білдік.
Кезінде ол әкесі мен еліне: «Сендер ынталана табынып жүрген мына мүсіндер не?» -деді.
Олар: «Біз әкелерімізді осыларғатабынған күйде көрдік», - деді.
Ибраһим / :«Онда сендер де, әкелерің де анық адасуда болғансыңдар», - деді.
Олар: «Сен бізге ақиқатпен келдің бе, әлде ермек етушілерденсің бе?»- деді.
Ибраһим / :«Жоқ, / әзіл емес / :Сендердің Раббың аспандардың және жердің Раббысы. Соларды жаратқан - Ол. Мен осыған куәлік берушілерденмін»,- деді.
Әрі: «Аллаһпен ант етемін! Сендер кеткеннен кейін табынатын заттарыңа, міндетті түрде айла-амал жасаймын»,- деді.
Сөйтіп ол оларды қиратып тастады да, олар оған оралар деп, тек үлкенін қалдырды.
Олар: «құдайларымызға мұны кім істеді? Ол - әділетсіздерден»,- деді.
Олардың кейбірі / :«Ибраһим дейтін бір жігіттің оларды сөз етіп жүргенін естіген едік», - деді.
Олар / басшылары / :«Оны адамдардың көз алдына алып келіңдер, олар куә болуы үшін»,- деді.
Олар: «Ей, Ибраһим! құдайларымызға мұны сен істедің бе?» деді.
Ол: «Жоқ. Бұны олардың мына үлкені істеді. Егер олар сөйлей алса, олардың өздерінен сұраңдар»,- деді.
Олар өз-өздеріне: «Негізінде, сендер - әділетсізсіңдер», - деді.
Содан кейін олар, қайтадан бастарына кері аударылып / бұрынғы теріс халдеріне қайта оралып / :«Сен бұлардың сөйлемейтінін білесің ғой»,- деді.
Ол / Ибраһим / :«Сендер Аллаһтан өзге, өздеріңе ешбір пайда не зиян келтіре алмайтын нәрселерге табынасыңдар ма?
Сендер де және Аллаһтан өзге табынғандарың да құрысын! Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма?»- деді.
Олар: «Бір нәрсе істейтін болсаңдар, оны жағыңдар, сөйтіп құдайларыңа көмектесіңдер»,- деді.
Біз: «Ей, от! Ибраһимге салқын әрі қауіпсіз бол»,- дедік.
Сондай-ақ, олар оған айла-шарғы жасауды қалады. Ал, Біз оларды ең үлкен зиян шегушілерден еттік.
Әрі біз оны / Ибраһимды / және Лұтты әлемдер үшін берекелі еткен жерге шығарыпқұтқардық.
Және Біз оған Исхақты, әрі оған қоса Йаъқубты сыйладық, олардың барлығын ізгілерден еттік.
Әрі Біз оларды әміріміз бойынша тура жол бастайтын имамдар / жетекшілер / еттік. Біз оларға жақсылық істеуді және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындауды және зекетті беруді уахи еттік. Сондай-ақ, олар Бізге құлшылық етушілер болды.
Әрі Лұтқа даналық және білім бердік. Оны жиіркенішті істер жасайтын кенттен құтқардық. Олар жаман, бұзық / бойсұнбайтын / ел еді.
Әрі біз оны Өз мейірімімізге кіргіздік. Анығында, ол ізгілерден еді.
Әрі Нұхқа да, ол бұрын жалбарынып сұраған кезде, Біз оған жауап беріп / тілегін қабылдап / , оны және үй ішін үлкен қасіреттен құтқардық.
Біз оған белгілерімізді өтірік санаған елге қарсы көмек бердік. Олар жаман адамдар еді, сонда олардың барлығын суға батырдық.
Әрі Дәуіт пен Сүлейменге де. Кезінде бір адамдардың қойы түсіп кеткен егінге қатысты ол екеуі үкім шығарған еді. Біз олардың үкім шығарғанына куә болдық.
Әрі біз оны / дұрыс шешімді / Сүлейменге ұқтырдық. Әрқайсысына даналық / үкім шығаруды / және білім бердік. Әрі тауларды және құстарды Дәуітпен бірге / Аллаһты / дәріптейтін етіп бағындырдық. Мұны Біз істедік.
Әрі біз оған / Дәуітке / , сендер үшін өздеріңді зияннан қорғайтын сауыт жасау өнерін үйреттік. Сендер шүкір етушісіңдер ме / берген игіліктерге алғыс білдірушісіңдер ме / ?
Ал, Сүлейменге күшті желді / бағындырдың /. Ол / жел / оның бұйрығымен Біз берекелі еткен жерге қарай еседі. Біз - барлық нәрсені Білушіміз.
Әрі оған шайтандардың ішінен суға сүңгитіндерді және басқа да жұмысты істейтіндерді / бағындырдық /. Әрі оларды Біз күзеттік.
Әрі Айубқа да, ол Раббысына: «Маған бір пәлекет келді. Ал, Сен - мейірім етушілердің ең Мейірімдісісің», - деп сұраған кезде,
оның тілегін қабыл етіп, ондағы зиянды кетірдік. Әрі Өз тарапымыздан мейірім етіп және құлшылық етушілерге еске салу / ғибрат / ретінде, оған оның үй ішін және олармен бірге тағы сонша қосып бердік.
Әрі Исмаъил, Идрис және Зүлкифлге де. Олардың әрбірі сабыр етушілерден болды.
Әрі біз оларды Өз мейірімімізге кіргіздік. Анығында олар ізгілерден еді.
Әрі балық ішінде болғанға да / Йунусқа /. Ол ашуланған күйі шығып кеткен кезде, Біз оған тарлық жасамайды деп ойлады. Сонда ол қараңғылықтар ішінде: «Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Сен - / барлық кемшіліктен / пәксің. Мен әділетсіздерден болдым», - деп жалынды.
Біз оның тілегін қабыл етіп, оны қайғыдан құтқардық. Біз имандыларды осылай құтқарамыз.
Әрі Зәкәрияға да. Ол Раббысына: «Раббым! Мені жалғыз қалдырма. Сен ие болып қалушылардың ең қайырлысысың»,- деп жалынған кезде,
оның тілегін қабыл етіп, оған Йахйаны сыйладық және әйелін түзеттік. Олар / пайғамбарлар / жақсы істерді істеуге ұмтылатын. Бізден үміт және қорқумен тілейтін әрі Бізге беріле бойсұнушы еді.
Әрі әйелдік пәктігін сақтағанға да / Мәриямды /. Біз оған Өзіміздегі рухтан / Жәбірейіл арқылы / үрледік. Әрі оны және оның баласын әлемдерге белгі-ғибрат еттік.
Ақиқатында сендердің үмметтерің - бір үммет. Мен - сендердің Раббыңмын. Маған құлшылық етіңдер.
Ал олар / адамдар / істі / дінді / өз араларында бөлшектеді. Барлығы Бізге қайтады.
Кім иманды болған күйде ізгі амал жасаса, оның әрекет-талпынысы зая кетірілмейді. Әрі күдіксіз, Біз оған / амалдарын / жазып қоямыз.
Әрі Біз жойып жіберген кез келген елді мекеннің / халқының / қайтуына тыйым салдық.
Яжұж бен Мажұж / алдындағы тосығы / ашылып, олар әрбір қыраттан ағылғанға дейін.
Хақ уәде жақындады. Сонда, сон­дай күпірлік еткендердің / Аллаһқа серік қосушылардың / көздері шақырайып, олар: «Сорымыз құрысын! Біз бұдан қаперсіз болдық. Иә, біз әділетсіз болдық»,- дейді.
Күмәнсіз, сендер және сендердің Аллаһ­тан өзге табынғандарың - Жаһаннамның отынысыңдар, сендер оған түсесіңдер.
Егер де олар / табынғандарың / құдайлар болғанда, онда оған кірмес еді. Олардың барлығы ол жерде мәңгілікке қалады.
Оларға онда ыңыранып күйзелу бар, әрі олар ол жерде естімейді.
Ал, Бізден өздеріне алдын жақсылық белгіленгендер, одан / тозақтан / алыстатылады.
Олар оның / тозақтың / сыбдырын да естімейді. Олар жандары қалағандары ішінде / жәннатта / мәңгі қалады.
Оларды ең үлкен қорқыныш қайғыртпайды.1765 Әрі періштелер оларды қарсы алып: «Өздеріңе уәде етілген күн міне - осы!» - дейді.
Ол күні аспанды жазба / жазуғаарналған / парақтарды орағандай ораймыз. Жаратылысты әуел баста қалай бастасақ, оны солай қайтарамыз / қайта жаратамыз /. бұл, Біз міндетімізге алған бір уәде. Біз / оны / істеушіміз.
Әрі Біз Еске салатыннан / Ләухул-махфуздан / кейін кітаптарда: «Анығында, жерге ізгі құлдарым мұрагер болады», - деп жазғанбыз.
Ақиқатында, мұның ішінде құлшылық етуші адамдар үшін - / жеткілікті / хабар бар.
Ей, Мұхаммед! / Әрі біз сені әлемдерге мейірімнен өзге нәрсе етіп жібермедік.
Айт: «Шын мәнінде, маған «Сендердің құдайларың - бір ғана құдай екені» уахи етілді. Енді мұсылман болмайсыңдар ма / бойсұнбайсыңдар ма / ?»- деп.
Егер олар теріс бұрылса: «Мен сендердің бәріңе, бірдей хабарладым. Әрі сендерге уәде етілген нәрсенің жақын не алыс екенін білмеймін.
Күмәнсіз, Ол / Аллаһ / сөздің жа­рия айтылғанын біледі, әрі нені жасыратындарыңды да біледі.
Мүмкін бұл сендер үшін бір сынақ және белгілі мерзімге дейін пайдалану болар, мен оны білмеймін», - деп айт.
Ол / Мұхаммед / :«Раббым! Ақиқатпен үкім ет. Сендердің сипаттағандарыңа / өтірік, жалаларыңа / қарсы Раббымыз - әр-Рахманнан жәрдем тілейміз», - деді.
Icon