Я, сендер оларды жақсы көрсеңдер де, олар сендерді жақсы көрмейді. Сондай-ақ сендер Кітаптың бәріне сенесіңдер. Қашан олар сендерге кездессе; "Иман келтірдік" деп, ал қашан олар оңашалана қалса, сендерге деген ызаларының зардабынан саусақтарын шайнар. (Мұхаммед F.C.): "Ызаланған бойда өліп кетіңдер!" де. Шөксіз Алла көкіректегілерді толық біледі.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Міне, сендер оларды жақсы көресіңдер, ал олар сендерді жақсы көрмейді. Сендер Кітапқа бүтіндей сенесіңдер. Олар сендерді кездестірсе: «Біз иманға келдік», - дейді. Ал, оңаша қалғанда, сендерге ызаланғаннан бармақтарын шайнайды. Оларға: «Ызаларыңнан өліп кетіңдер», - деп айт. Ақиқатында, Аллаһ - көкіректердегіні жақсы Білуші.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي