Алланың қасында шынайы дін Ислам. Сондай Кітап берілгендер, өздеріне мәлімет келгеннен кейін араларындағы күншілдіктен ғана талас- тартысқа түсті. Кім Алланың аяттарына қарсы келсе, күдіксіз Алла тез есеп көруші.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ақиқатында, Аллаһтың алдындағы дін - Ислам. Кітап берілгендер өздеріне білім келгеннен кейін өзара іштарлық және әділетсіздіктері себебінен ғана қайшылыққа түсті. Кім Аллаһтың аяттарына күпірлік етсе / сенбесе, қарсы келсе / ақиқатында, Аллаһ - есепті жылдам алушы.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي