(Мұхаммед Ғ.С.) :«Әй мүлік иесі Алла! Кімге қаласаң мүлік бересің де кімнен қаласаң, дәулетті аласың. Сондай-ақ кімді қаласаң ардақтайсың да кімді қаласаң қорлайсың. Жақсылық Сенің қолыңда. Шәксіз әр нәрсеге күшің жетеді» деп айт.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Йа, билік иесі - Аллаһ! Сен билікті қалағаныңа беріп, қалағаныңнан билікті алып қоясың. Қалағаныңды үстем етіп, қалағаныңды қор қыласың. жақсылық / барлық қайырлы нәрсе / - Сенің қолыңда. Ақиқатында, Сен барлық нәрсені Жасай алушысың.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي