Мүміндер, мүміндерден өзге кәпірлерді дос тұтпасын. Әлдекім осыны істесе, Аллаға еш нәрседе байланысы жоқ. Бірақ олардан сақтану үшін болса басқа. Алла сендерді өзі қорқытады. Және барар орын Алла жақ.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Имандылар / мүміндер / имандылардың орнына кәпірлерді дос тұтпасын. Кім осыны істесе, оның Аллаһпен ешқандай байланысы қалмайды. Тек, олардан / имансыздардан / қауіптеніп, әлдебір сақтану үшін болса, онда басқа. Аллаһ сендерді Өзінен / Өзінің жазасынан / сақтандырады. Әрі қайтуларың - Аллаһқа / Оған қайтасыңдар /.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي